Текст
Тақырыбы: «Түстерді үйрену»
Ерте жас тобында негізгі түстермен (қызыл, сары, жасыл) таныстыруға бағытталған дамытушы сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты — балаларға түстер туралы түсінік қалыптастыру, заттарды түстеріне қарай ажырата білуге және сәйкестендіруге үйрету, сенсорлық дағдылар мен ұсақ моториканы дамыту.
Сабақ барысында балалар көрнекі және дидактикалық материалдармен жұмыс жасады: бөлшектерді түстеріне сәйкес орналастырды, берілген түсті анықтады, түстердің атауын ойын арқылы бекітті.
Балалар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Сабақтың мақсат-міндеттері орындалды.

